24-сабақ. Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану.
Бүтіннің бірнеше тең бөліктерінің әрқайсысы үлес деп аталады. Жай бөлшекті оқығанда алдымен бөлшек сызығының астындағы сан (бөлімі) шығыс септігінде оқылады. Сонан соң бөлшек сызығының үстіндегі сан (алымы) атау септігінде оқылады. Мысалы: бестен екі, төрттен бір. Бөлшек сызығының астындағы сан бір бүтіннің неше тең бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Оны бөлшектің бөлімі деп атайды. Бөлшек сызығының үстіндегі сан неше бөліктің алынғанын көрсетеді. Оны бөлшектің алымы деп атайды. Екі натурал санның бөліндісін бөлшек түрінде жазғанда бөлшектің алымына бөлінгіш жазылып, бөліміне бөлгіш жазылады.