G
enby!

Желідегі интим-тренерлер | Әйел денсаулығы | Сұңқар Қосманапқызы | Дана Нұржігіт

00:00 Желідегі интим-тренерлер, инста-дәрігерсымақтардың емес,тәжірибелі, білікті акушер-гинекологтың жанайқайын тыңдаңыздар,қымбатты көрермендер! ——- Ауыр өтетін жүктілік кезінде көмекке келетін жоғарғы санаттағы акушер-гинеколог Сұңқар Қосманапқызының айтуынша, бүгін елімізде отызға толмаған ер азаматтардың белсіздігі,әйел адамдардың жыныстық сауатсыздығы мен қарапайым гигиена тәртібін сақтамауы күнделікті жағдайға айналған. Нәресте перзентханада алуы тиіс вакциналардан аналардың бас тартуы “адамзат жеңді”деген аурулардың қайта тарауына әкелуі мүмкін. Көпбалалы ана боламын деген шешімге саналы түрде бармаудың соңы әйел зәрін ұстай алмайтындай жағдайға жетіп, ақырында хирургиялық отаға әкеліп соғып жатыр.Жалпы,қоғамның жыныстық сауаттылығы төмен деген “диагноз” қойып отыр дәрігер. Көріңіз,тыңдаңыз,ағайын!   / dr_khangeldina   01:26 Сұңқар Қосманапқызы - жоғары санаттағы акушер-гинеколог. 04:54 Әйелдерде жыныстық сауаттылық дамымаған ба? 13:30 Желідегі жалған ақпараттардың зияны 18:18 Балаға жыныстық тәрбиені қалай жеткізуге болады? 27:53 “Аурудың барлығын әйелдер таратады” деген қаншалықты рас? 36:50 Еркектер жүктілікті ауру деп қабылдайды. 43:40 “Біздің қатын молодец” 01.00.00 Қорытынды #ДанаНұржігіт #myprimetime #подкаст

Смотрите также