G
enby!

Нәміл сүресі (толық нұсқа)

Құран сүрелерінің кейбіреулері табиғи заттардың немесе жануарлардың аттарымен аталған. Сондай сүрелердің бірі болып табылатын осы сүре «Нәміл» – «құмырсқалар» деп аталған. 18-ші аятында Сүлеймен пайғамбардың әскерінің қозғалысы кезіндегі құмырсқалармен сұхбатқа сілтеме жасалғандықтан осы сүре «Нәміл» деп аталған. «Нәміл» сүресінің 1-2 аяттары: «طس تِلْکَ آیَاتُ الْقُرْآنِ وَکِتَابٍ مُّبِینٍ»، «هُدًى وَبُشْرَى لِلْمُؤْمِنِینَ» «Та», «син». Ұғымын Алла біледі. Бұл ап-ашық Кітап; Құранның аяттары. (1) Мүміндер үшін тура жол әрі қуаныш. (2) Бұл сүре Құранның басқа 28 сүресі сынды «моқаттат», яғни жеке әріптерден басталып, сол сүрелер сынды Құранның ұлылығын баяндайды. Құран – баршаға қолжетімді әліппенің қарапайым әріптерімен жазылған, бірақ ешбір адам тіпті сол сияқты бір де бір сүре әкеле алмайтын кітап. Бұл кітаптың аяттары – айқын да айқындаушы, хақты жалғаннан ажыратушы. Бұл кітап барша халыққа жетекшілік ету үшін түсірілген. Бірақ оны пайдаланған адамның ғана бақытқа жетіп, оған иман келтіріп, оның ақиқаттарын қабылдайтындығы қалыпты жағдай. Бұл аяттар ұлы Аллаһтың сөзі. «Нәміл» сүресінің 3-4-5 аяттары. «الَّذِینَ یُقِیمُونَ الصَّلَوةَ وَیُؤْتُونَ الزَّکَوةَ وَهُم بِالْآخِرَةِ هُمْ یُوقِنُونَ»، «إِنَّ الَّذِینَ لَا یُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ زَیَّنَّا لَهُمْ أَعْمَالَهُمْ فَهُمْ یَعْمَهُونَ»، «أُولَئِکَ الَّذِینَ لَهُمْ سُوءُ الْعَذَابِ وَهُمْ فِی الْآخِرَةِ هُمُ الْأَخْسَرُونَ» Олар намазды толық орындайды, зекет береді де олар ахиретке нақ сенеді. (3) Рас ахиретке сенбегендердің өздеріне қылған істерін әдемі көрсеттік те олар сандалып жүреді. (4) Міне, сондайлар, оларға азаптың жаманы бар. Әрі олар, ахиретте де өздері зиянда болады. (5).

Смотрите также