«Қабырға артындағы балалық шақ» деректі фильмі: қателіктердің құны мен шынайы өкініштер
Алматы облысының прокуратурасы сіздердің назарларыңызға шынайы оқиғаларға негізделген қысқаметражды деректі фильмді ұсынады. Фильм сюжеті есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар мен тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар үшін түрмеге түскен жасөспірімдердің тағдырына арналған. Бұл бейнеролик жасөспірімдерге арналған түзету мекемесінде түсірілген. Онда сотталған жас жігіттер өз оқиғаларымен бөлісіп, құрдастарын ауыр қателіктер жасаудан және осындай құқық бұзушылықтардың салдары қандай болатынынан сақтандыруға тырысады. «Қабырға артындағы балалық шақ» деректі фильмі жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және негізгі өмірлік әрі мәдени принциптерді қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік идеяны көтереді. Фильмді Бас прокуратураның YouTube арнасында және Алматы облысы прокуратурасының ресми Instagram парақшасында көруге болады. Баршаңызды, әсіресе ата-аналарды, ұстаздар мен жастарды, осы маңызды фильмді көруге және одан қажетті сабақ алуға шақырамыз. #Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП #ҚауіпсізҚоғам #ЗаңҮшін