Пәтер сыйлады
Орақ ұстайтын әкесі болмаған соң, оймақ ұстайтын анасын жетектеп, бар дүниесі бір сөмке киім ғана болып, Аллаға тәуекел етіп келген кішкентай ұл ер жетті. Шүкір, сол ұл – бүгінде елінің мақтаны, Теміртаудың жомарт кәсіпкерлерінің біріне айналды. Астанадан да, Теміртаудан да пәтерлер алып, ақырындап ағайынын қасына көшіріп, елге сүйеу болып жүр. Айтушы бар, «Әлемді Алла төрт адамның құрметіне ұстап тұр» деп. Сол төрттің бірі – осындай жомарт жандар. Тірлігіне, жүрегінің кеңдігіне, елге деген адалдығына риза болдық. Жақсының аты – мәңгі, жақсылықтың ізі – өшпес. Естелік болып осы видео осы жерде тұра берсін.