Қазақстандықтар қанша нан жейді?
«El.kz» порталының арнайы жобасы - «Біздің Brand» шығармашылық ұжымы Өскемен қаласында орналасқан «Каравай» нан зауытына барып, жұмысымен танысып қайтты. Бұл зауыт - Шығыс Қазақстандағы нан өндіру саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда классикалық бидай нанынан бастап, ұлттық дәстүрлі өнімдер мен түрлі кондитерлік тағамдарға дейін шығарылады. Өндіріс үдерісі толық автоматтандырылған, алайда әр өнімнің артында адамдардың еңбегі мен жауапкершілігі жатыр. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде кәсіпорын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жаңа технологияларды енгізуде. Бұл өз кезегінде сапаны арттырып қана қоймай, өнім көлемін де ұлғайтуға мүмкіндік береді. Біз зауыт цехында қамыр илеуден бастап, пештен шыққан ыстық нанның дүкен сөресіне жеткенге дейінгі жолын көзбен көрдік. «Каравай» нан зауытының өнімдерімен сіз де толық танысқыңыз келсе, шығарылымды көріңіз. _____________________________________ El.kz Ақпараттық-танымдық портал Ресми сайттың сілтемесі: https://el.kz/
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз: Instagram - / el.kz Facebook - / wwwelkz Telegram - https://web.telegram.org/k/#@elkz_portal
#elkz #қазақстанжаңалықтары #новостиказахстана ##
Смотрите также
