G
enby!

СОЛ КҮНІ БАЛАМА БІРДЕҢЕ БОЛАТЫНЫН ЖҮРЕГІМ СЕЗДІ. ДӘРІГЕРДІҢ ҚАТЕЛІГІ ӨМІРМЕН ӨЛШЕНЕДІ

Қыркүйекте Қызылордадан астанаға қоныс аударған бір отбасы қара жамылды. Құрылыс компаниясында жұмысқа кеткен 17 жасар баласы Ерсұлтан Мүбәрәктің үстіне ауыр плита құлап кетіп, қайтыс болды. Қайғыдан қан жұтқан анасы кенжесінің қазасына құрылыс компаниясы кінәлі дейді. Өйткені жеткіншекті ауыр жұмысқа жеккені былай тұрсын, нысанда ешбір қауіпсіздік талаптары сақталмады деп отыр. Шарасыз ана оқырмандардан әділдікке жетуге көмек сұрайды. Құрылыстағы қазадан бөлек , дәрігерлердің де қателігінен адамдарымыздан айырылып жатырмыз. 23 жасар Астана қаласының тұрғыны ауырып ауруханаға барған, дер кезінде көмек көрсетілмегендіктен Лаура Мұсаева есімді азаматша қайтыс болды. Дәрігерлерге келген азаматшаға соқырішек диагнозын қойған. Дер кезінде шара қолданылмаған соң, қыздың денсаулығы нашарлап жансақтау бөліміне түскен. Адам өміріне салғырт қараған дәрігерлерді, мекемені жауапқа тарту керек дейді марқұмның туыстары. Лаураның жақындары бір айда жауапсыз дәрігерлердің кесірінен аталған мекемеде 3 адам қайтыс болды дегенді айтты. Осындай ауыр оқиғаларға Ақпарда тоқталамын. Амансыздарма.

Смотрите также