G
enby!

Ғаламтордағы сурет Ақан серінікі емес || Ақан сері ауылында он шақты ғана үй қалған ||

Ақан серінің туған жері - Кеңашы ауылы. Кейін бұл ауыл Комаровка ауылына жақын көшіріліп, Ақан серінің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында жаңадан ашылады. Өйткені, әр аудан сыйлық ретінде бір-бір үйден, 70-ке жуық коттедж салып береді. Жап -жаңа ауылдың тұсаукесеріне екі елден президенттер келіп ашады. Ауылдың атын - Ақан сері деп атайды. Бірақ жекешелендіру кезінде бұл үйлер жекеменшікке өтіп, одан кейін ауылдан көшкендердің кейбірі быт-шытын шығарып бұзып әкетеді. Қазір сол кезде салынған ғимараттардың біразының тек қаңқасы ғана бар. Тұрғындар "ауылды сақтап қалу керек еді" дейді. Нақты кім ауылдың тарап бұзылуына себепкер болды, толығырақ фильмнен көре аласыздар! Бұдан бөлек Комаровка ауылы Ақан серінің әкесі Қорамсаның жайлауы болған. Кейін бұл өңір патшаның жарлығымен өзгелердің қонысына айналады, Қорамсалар бұл жерден ығысады. Дегенмен Қорамса мен Ақан серінің анасы Комаровкадағы қорымда жатыр. Бұл қорымның барын көпшілік біле бермейді. Нақты кімдер көшіп келді, толығымен фильмде айтылады. Тағы бұл өңірлер Антоновка, Карасевка, Еленовка, Садовая, Красный-Яр деген орыс атаулардан көз ашпайды? Ал Омбы өңірінде әлі күнге дейін қазақша атаулар сақталған елдімекендер көп. Сұрақ неге еліміздің, әсересе, солтүстік өңірлерінде орысша атаулар көп? Оларды қашан өзгертеді? Толығырақ фильмде Ал, Ақан серінің ата-бабасы, әке-шешесі Комаровкада жерленсе де, Серінің өз зираты ол жерден алыста жатыр. Неге? Расында Ақан сері қартайған шағында жалғыз қалды ма? Неге жездесі Бегалының зиратында жатыр толығырақ фильмде.

Смотрите также