Полиция қызметкері Абильбековтен жауап алу | #Азаптау_ісі
Қарасай аудандық сотында, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Қошмамбет ауылында орын алған азаптау туралы атышулы іс бойынша 18 сот отырысы өтті. Осы іс бойынша айыпталушы полиция қызметкері Абильбековтан жауап алу басталды. Сол кезде Алматы ПД жедел іздестіру басқарма басшысының орынбасары болған. Көреміз! 📝Қысқаша: 2022 жылы 7 қаңтар күні Алматы-Бішкек тас жолы бойында бақылау-өткізу бекетінде Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан азаматтарының көліктері тоқтатылып, әскери формадағы маска киген қарулы адамдар олардың құжаттары мен заттарын көрсетуге мәжбүрлейді. Сол жерде ұрып-соғып 98 азаматты Қошмамбет ауылындағы әкімшілік-арнайы қамауға алу орнына алып барған. Кейін Қарасай аудандық полиция қызметкерлері тарапынан азапталдық деген… Азаптауға қатысты 6 полиция қызметкері күдікке ілінді. Әйтседе олардың бәрі қазір бостандықта. ❗️Каналға жазылып, лайк басып, пікір қалдырыңыздар! Видео “The Qazaq Times” ақпарат агенттігі ютуб арнасынан алынды / @qt-agency
 
  
             
  
             
  
             
  
             
  
            