Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 70 жасқа толды
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 70 жасқа толды. Халық қаһарманы мерейтойын өзінің туған топырағы Қарағандыдағы Қарқаралы ауданында атап өтпек. Мұнда мерекелік концерттен бастап бәйгеге дейін түрлі шаралар өткізілмек. Ал Қарағанды өлкесіне осымен сегізінші рет келген Тоқтар Әубәкіровтың иығына облыс әкімі шапан жапты. Мейрамгүл Салқынбаева ұлт батырының тағдырлы жолына тағы бір үңіліп көрген еді.