Сарыөзек гарнизонында 19 жастағы кіші сержант оқ тиіп жараланды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [журналистік зерттеулер] Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Айдың-күннің аманында тағы бір әскери оқ тиіп жараланды. Оқиға Жетісу облысындағы Сарыөзек гарнизонында болған. Автоматтың оғы 19 жастағы кіші сержанттың білегін тесіп өткен екен. Қазір ол Ескелді ауданындағы ауруханада ем алып жатыр. Жас жігіттің жағдайы қалай? Әскери бөлім басшылығының осы оқиғаны жасырып қалуға тырысқаны рас па? Әріптесім Меруерт Сабыртай баяндайды. МЕРУЕРТ САБЫРТАЙ, тілші: – Оқыстан оқ тиіп жараланған кіші сержант Темірбек Мыңжасаров менің ту сыртымдағы Сарыөзек гарнизонында жұмыс істеген. Осы жерде 6 ай әскери борышын өтеп, бір жыл бұрын ғана келісімшартпен әскери қызметке қабылданыпты. Отарға оқу-жаттығуға бармақшы болған ол қазір аурухана төсегінде жатыр. Оқиға 2 қыркүйек күні түс уақытында болыпты. Кіші сержанттың туыстарының айтуынша, оны әріптесі байқаусызда атып алған. Оқ оның білегін тесіп өткен. Алайда, әскери бөлім басшылығы жарақат алған қызметкерін ауруханаға апармай, бір тәулік бойы пәтерде тығып ұстаған. Мұны әскери қызметкердің әкесі айтып отыр. БАҚЫТБЕК ҚАСЫМБЕКОВ, әскери қызметкердің әкесі: – Мен барған кезде баламды ВСУ-дың жігіттерінің штабынан тауып отырмын, ол жігіттер баламды 3 дом 3 квартирадан біреудің квартирасынан тауып алған. Баламды жараланған уақытта сол жерге апарған. Негізінде оқ тиген уақытта балама сыворотқа салыну керек екен ғой гангрена болмау үшін, ондай салынбаған. Құр лидокаин салған. Всудың жігіттері тауып бермегенде баламның сүйегін де таппай қалатын жағдай болып тұр екен. Бақытбек Қасымов ұлының жараланып жатқанын кездейсоқ білдім дейді. Оны әскери полиция арқылы тауып ауруханаға апарған. Құзырлы орган өкілдері сол кезде келіп істі тіркеген. Ал гарнизондағылар «тергеу амалдары жүріп» жатыр деген желеумен оқиғаның мән-жайы туралы жақ ашпады. НҰРҒАЛИ АҚЫЛБАЕВ, 12740 әскери бөлім командирінің орынбасары: – 2 қыркүйек күні қауіпсіздік шараларын сақтамағаннан әскери қызметші жарақат алды. Еңбек демалысында екенін білемін, бірақ нақты дүйсенбі ме сейсенбіден бе білмеймін. Ол қылмыс бойынша ешқандай ақпарат айта алмаймын. Өйткені онымен тергеу айналысып жатыр. Бір қызығы Темірбек Мыңжасаровтың еңбек демалысына шыққанын өзі де, отбасы да білмейтін болып шықты. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық